Қазақстанда тұрғын үй сатып алуға деген сұраныс 30 пайызға төмендеді

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock
Сұраныс 20 өңірдің 13-інде төмендеді.

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы сауда айтарлықтай азайды. Krisha.kz жазуынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында 87 678 сату-сатып алу мәмілесі тіркелген, бұл 2024 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 32 пайызға аз. Сол кезде зейнетақы жинақтарын жаппай алу және жоғары сұраныс аясында 128 610 мәміле жасалған болатын.

Тоқсандық салыстыру:

  • 2024 ж. I тоқсан — 88 636;
  • 2024 ж. II тоқсан — 95 271;
  • 2024 ж. III тоқсан — 120 474;
  • 2024 ж. IV тоқсан — 128 610;
  • 2025 ж. I тоқсан — 87 678 мәміле жасалған.

Наурыз айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 739 мәміле тіркелді, бұл ақпанмен салыстырғанда 4,4 пайызға аз. Бұл – жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Сұраныс 20 өңірдің 13-інде төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Жамбыл облысы (23,3%), Батыс Қазақстан облысы (18,4%) және Маңғыстау облысында (18,1%) сұранвс едәуір азайған. 

Ең үлкен өсім Шығыс Қазақстан (+16,8%), Алматы (+11,4%) және Атырау (+11,3%) облыстарында тіркелді.

Алматыда мәмілелер саны шамамен 9 пайызға азайды. Астанада – шамамен 1 пайызға төмендеді, ал Шымкентте керісінше, 6 пайызға өсті.

27 739 мәміленің 21 842-сі пәтерлерге, ал 5 897-сі жеке үйлерге қатысты болды. Пәтерлер арасында екі бөлмелі пәтерлер ең көп сатылды – 8 211 мәміле жасалды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары