Орталық Азияда үкі "санағы" өтіп жатыр

Маубас жапалақ. Фото авторы Дмитрий Доценко. Сурет tabigat.media сайтынан алынды.
Маубас жапалақ. Фото авторы Дмитрий Доценко. Сурет tabigat.media сайтынан алынды.
Шара 15 мамырда басталған, ол 31 мамырға дейін жалғасады.

Орталық Азия елдерінде үкілер тұқымдасына жататын маубас жапалақ есебін жүргізу бойынша акция басталды. Оған Қазақстан тұрғындары да қатыса алады. 

Қазақстан биоалуантүрлілікті қорғау қауымдастығының хабарлауынша, ол үшін сала маманы болудың қажеті жоқ. Акцияға қатысу үшін кешкілік көшеде не саябақта жүргенде құстардың дауысына құлақ түру жеткілікті. Егер маубас жапалаққа тән дыбысты (оның дыбысын осы жердегі аудиодан тыңдап алуға болады) естісеңіз, акция сайтына кіріп, өзіңіз тұрған жердің мекенжайын жолдау қажет. 

Алматыда мұндай акция 2000 жылы және 2024 жылы өткізілсе, биыл бастама тұтас Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда да өткізіліп жатыр. 

Еске салайық, 2024 жылы маубас жапалақ Қазақстанда жыл құсы болып белгіленді. Жалпы Қазақстанда жапалақтың 13 түрі кездесетін болса, оның ішінде маубас жапалақтың (ғылыми атауы otus scops) шағын денелі болып келеді. Ұзындығы шамамен 20 сантиметр. 

Қазақстан биоалуантүрлілікті қорғау қауымдастығының мәліметінше, маубас жапалақ сәуір-мамыр айларында жер қарайған шақта Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне ұшып ке­леді. Ерте оянған жәндіктермен қоректеніп, жаздың соңында не күзде солтүстікке қарай ұшады. 


Оқи отырыңыз: Адамзатты аңдитын құс


 

Серіктестер жаңалықтары