Новости спорта

Наурыз мейрамы күндері Түркістанда ауыл шаруашылығына арналған халықаралық көрме өтеді

Көрмеде "Қазақстанда жасалған" жалпыұлттық жобасы ұсынылады.

20-22 наурыз аралығында Түркістанда алғаш рет KazAgro/KazFood Turkistan2023 халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін көрсету, сондай-ақ сату. Шараға Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Нидерландтар және өзге елдердің өкілдері келеді деп жоспарланған.

"Көрме-жәрмеңкенің іскерлік бағдарламасы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту саласындағы жаһандық тақырыптарға арналған панельдік сессияларды қамтиды. "KazAgro/KazFood Turkistan2023"-те отандық тауар өндірушілер мен сауда объектілерінің тікелей өзара іс-қимылына бағытталған "Қазақстанда жасалған" (Made in KZ) жалпыұлттық жобасы ұсынылады, ол  жергілікті нарықта заманауи және сапалы отандық өнімді жан-жақты қолдауға көмек" делінген министрліктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды


Көрме-жәрмеңке болатын күндері нарық бүкіл бизнес-қауымдастықтың жемісті қарым-қатынасына, отандық және шетелдік компаниялар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, тәжірибелі сарапшы-практиктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінің арасындағы сындарлы диалогқа толы болады деп күтіліп отыр.

Informburo.kz арнайы хабарларын YouTube желісінде көріңіз.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары