Интерактивті картаны енгізу қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу бойынша жұмысты ашық әрі айқын етеді.
Қазақстанда мемлекеттік меншікке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасы іске қосылды, оны Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп әзірледі. Геосервисте бұған дейін игерілмеген, заңсыз беріліп, мемлекетке қайтарылған учаскелер туралы барлық ақпарат орналастырылған, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Вице-министр: Қандастар ел азаматтығын алған соң ғана ауыл шаруашылығы жерін жалға ала алады
Бүгінгі күні облыстар мен аудандар бөлінісінде инфографиканы әзірлеу, сондай-ақ порталдың интерфейсін толтыру процесі аяқталып жатыр.
Интерактивті картаны енгізу қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу бойынша жұмысты ашық әрі айқын етеді. Учаскелерді қайта бөлудің одан әрі мониторингін аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі департаменттер, әкімдіктер мен прокуратура қызметкерлері қол жеткізе алатын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры платформасында жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қайта бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін конкурстарды өткізу модулін Электрондық сауда алаңының базасында іске асыру ұсынылады. Қазіргі уақытта заңнамаға сәйкес, жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс қағаз жүзінде өткізіледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
365
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
351
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
342
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
332
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
314
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
309
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
294
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
305
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
287
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
247
-
0
-
1
-