Тікелей эфир

Есірткі сақтағаны үшін күдікке ілінген азамат Грузиядан экстрадицияланды

Оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі құралдарын сақтағаны және тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"2023 жылғы маусым айында жол полициясы қызметкерлері Астана қаласында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында күдікті басқарған автокөлікті тоқтатып, оның салонында жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 "мефедрон" байламдары табылған.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қоғамнан оқшаулануға байланысты емес бұлтартпау шарасының таңдалғанын пайдаланып, қаскүнем тергеуден жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған", – деп жазды Бас прокуратурадан.

Ағымдағы жылдың қаңтарында күдікті Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысы үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары