Ақтау гарнизонындағы әскери қызметшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz
Каспийдегі оқу-жаттығуда 19 әскери қызметшіні ағыс алып кеткен.

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бас прокуратураның мәліметінше, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қажет сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 19 қазақстандық әскери қызметшіні Каспий теңізінің ағысы алып кеткенін хабарлаған болатын. Оқиға салдарынан тоғыз әскери қызметші қаза тапты. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау