USD: 486.7 / 489.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

25 маусым – Ашура күні. Ораза ұстау парыз ба

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ашура – мұсылман жыл санауы бойынша мұхаррам айының оныншы күні.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі ертеңгі Ашура күніне қатысты түсініктеме берді. 

Әлеуметтік желіде бұл күні ораза ұстау қажеттігі не міндет емес екендігі туралы талқы болған еді. Діни басқарманың түсіндіруінше, Рамазанда ораза ұстау парыз етілгенге дейін Ашура күні ораза ұстау міндетті болған. Ал одан кейін бұл күні ораза ұстау не ұстамау әр адамның өз еркіне берілген. 

"Ханафи мәзһабында ашура оразасын ұстау – сүннет, ал оған алдыңғы (тоғызыншы), не кейінгі (он бірінші) күнді қосып тұту – мұстахап деп пәтуа берілген. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз: "Кімде-кім ашура күні әйел, бала-шағасына кеңшілік жасаса, Алла оған жыл бойы кеңшілік жасайды", - деген. "Кеңшілік жасау" дегенде дәмді тойымды тамақ әзірлеу, сыйлық беру сияқты сауапты істер түсініледі", – делінген діни басқармасының түсіндірмесінде. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз