USD: 486.1 / 488.7
  • EUR: 555.5 / 560.5
  • RUB: 6.25 / 6.37
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Мүлікті кейін иелігіне өткізу құқығымен жалға алу Исламға қайшы ма

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Соңғы уақытта тұрғын үй қатынасында "Ижара" термині кеңінен қолданыла бастады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ijarah, яғни жалға алу келісімі негізінде мүлікті иеленуге қатысты үкімді таныстырды. Бұл – келісімшартқа отырған тараптардың бірі екіншісіне мүлікті белгілі бір мерзімге ақыға жалға беріп, жалға алушы жалдау төлемдерді толық өтегеннен кейін, мерзім соңында мүлікті бөлек келісім негізінде меншігіне өткізу мәмілесі.

Келісімшартқа сәйкес мүлік алдымен жалға беріледі. Жалдау төлемі белгіленген мерзімде толық өтелгеннен кейін сауда немесе сыйлық секілді бөлек келісім негізінде жалға алушының меншігіне өтеді. Мұндай қаржы өніміне ғұламалар рұқсат берген. 

ҚМДБ түсіндіруінше, бұл ретте төмендегі шарттар мен талаптардың орындалуы тиіс: 

  • Жалға берілетін мүлік жалға беруші тараптың меншігінде болуы шарт;
  • Жалдау уақыты мен бүкіл мерзімге қатысты жалпы ақының мөлшері шарт жасалған сәтте нақты айқындалуы тиіс;
  • Жалдау мен сауда (немесе сыйлық) келісімдері бір-бірінен тәуелсіз, бөлек жасалуы қажет. Себебі бұлар үкімдері әртүрлі екі дербес мәміле саналады. Ал шариғатта екі келісімді бір келісімнің ішінде біріктіруге тыйым салынады;
  • Жалдау келісімінде тек жалға беруге қатысты ережелер, ал мүлікті меншікке беру кезінде сауда-саттыққа (немесе сыйлыққа) тән қағидалар мен талаптар сақталуы керек.;
  • Мүлік иесінің жалдау мерзімі аяқталғаннан соң, мүлікті сату немесе сыйға беру уәдесі орындалуы міндет;
  • Уәкілдікке қатысты шариғат талаптары толық сақталуы шарт.

Қорытындылай айтқанда, шешім төмендегідей:

"Ижара" келісімі негізінде мүлікті иеленуге төмендегі шарттарға сәйкес рұқсат етіледі:

  • Мүлік жалға берушінің меншігінде болуы;
  • Жалдаудың уақыты мен ақысы нақты айқындалуы;
  • Жалдау мен сауда (немесе сыйлық) келісімдері бір-бірінен тәуелсіз, бөлек жасалуы;
  • Жалдау келісімінде тек жалға беруге қатысты ережелер, ал мүлікті меншікке беру кезінде сауда-саттыққа (немесе сыйлыққа) тән қағидалар мен талаптар сақталуы;
  • Жалдау мерзімі аяқталғаннан соң, мүлік иесінің затты сату немесе сыйға беру уәдесі орындалуы;
  • Уәкілдікке қатысты шариғат талаптары толық сақталуы шарт.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз