Тікелей эфир

"Наурыз Шымкентте басталады". Шымқалада мереке күндері қандай шаралар өтеді?

Қалада 14 наурыздан бастап "Наурыз Шымкентте басталады" атты іс-шаралар онкүндігін өткізу жоспарланған.

Шымкентте Наурызды атап өту мақсатында әр күннің іс-шаралары белгіленген. Олардың әрбірі карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі. Мысалы, "Түркістан" сарайында өтетін концерттерге ең көп дегенде 100 адам қатысады. 

"Наурыз мейрамын тойлауды 1 наурыз "Алғыс айту" күнінен бастап кеттік. Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен қала тұрғындарына ықылас білдіру ретінде миллион құрт таратылды. 14 наурыз Көрісу күнінде "Ассамблея" ғимаратында қала әкімінң қатысуымен іс-шара өтті. Мәдениет басқармасына қатысты барлық театрда, мәдениет ошақтарында Наурыз мейрамына қатысты іс-шаралар өтіп жатыр. Мысалы, Шымкент қалалық опера және балет театрында Наурыз мейрамына арналған алғаш рет қазақ тілінде "Домалақ ана" операсы қойылды. Ал Шымкент-циркте "Наурыз думан" деген алғаш рет аңдардың қатысуынсыз цирк қойылады. 21-22 наурызда "Түркістан" сарайында "Музартқа 20 жыл" концерті өтеді", – деді Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Сауранбекова.

19 наурыз 

  • 16.00. "Домалақ ана" операсы. Шымкент қалалық опера және балет театры.
  • 18.00. "Түркістан" шығармашылық бірлестігінің "Көктемдегі гүлдер" атты есеп беру концерті. Қазақстан халқы ассамблеясы.
  • 18.30. "Әумесерлер" комедиясы. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры.
  • 19.00. "Дорогая Памела" комедиясы. Шымкент қалалық орыс драма театры.
  • 20.00. Ересектерге арналған "Наурыз-думан" мерекелік цирк бағдарламасы. "Шымкент-Цирк".

20 наурыз

  • 10.00. Алғашқы отбасылық кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі. Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің №8 филиалы.
  • 12.00 және 14.00. "Ләйлек" қойылымы. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры.
  • 12.00 және 15.00. "Наурыз көне Шымқалада" таңғажайып хикаяты. Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры.
  • 14.00. "Наурыз-думан" мерекелік цирк бағдарламасы. "Шымкент-Цирк".
  • 16.00. "Домалақ ана" операсы. Шымкент қалалық опера және балет театры.
  • 17.00. О. Абдурахмановтың "Қайсарлар" комедиясы. Шымкент қалалық өзбек драма театры.
  • 18.30. "Әумесерлер" комедиясы. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры.
  • 19.00. "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымының концерті. Қазақстан халқы ассамблеясы.
  • 19.00. Г. Горинның "…Забыть Герострата!" трагикомедиясы. Шымкент қалалық орыс драма театры.
  • 20.00. Ересектерге арналған "Наурыз-думан" мерекелік цирк бағдарламасы. "Шымкент-Цирк".

21 наурыз

  • 11.00. Б. Кулунчакованың "Акку – белая дочь степей" ертегісі. Шымкент қалалық орыс драма театры.
  • 12.00 және 14.00. "Наурыз думан" қойылымы. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры.
  • 11.00. "Наурыз айтыс" республикалық ақындар айтысы. Өтетін орны: "Түркістан" сарайы.
  • 12.00 және 15.00. "Наурыз көне Шымқалада" таңғажайып хикаяты. Шымкент қалалық Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры.
  • 14.00. "Наурыз-думан" мерекелік цирк бағдарламасы. "Шымкент-Цирк".
  • 15.00 және 19.00. "Наурыз" мерекесіне арналған концерттік бағдарлама. Шымкент қалалық өзбек драма театры.
  • 16.00 және 19.00. "Музартқа 20 жыл" концерті. Түркістан сарайы.
  • 18.30. "Әумесерлер" комедиясы. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры.
  • 19.00. "Дәстүрлі әндер шеруі" гала концерті. Қазақстан халқы ассамблеясы.
  • 20.00. Ересектерге арналған "Наурыз-думан" мерекелік цирк бағдарламасы. "Шымкент-Цирк".
  • 23.00. Әз Наурызды қарсы алу. Цитадель.

22 наурыз

  • 12.00 және 14.00. "Наурыз-думан" қойылымы. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры.
  • 12.00. Гала концерт "Жыл басы – Әз Наурыз" (телетүсірілім). Шымқала.
  • 14.00. Star Fashion Show Шымкент қаласы дизайнерлерінің көрсетілімі. Қазақстан халқы ассамблеясы.
  • 12.00 және 15.00. "Наурыз көне Шымқалада" таңғажайып хикаяты. Шымкент қалалық Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры.
  • 15.00. "Қош келдің, Әз Наурыз" театрландырылған концерттік  бағдарлама. Шымкент қалалық өзбек драма театры.
  • 16.00 және 19.00. "Музартқа 20 жыл" концерті. Түркістан сарайы.
  • 16.00. "Домалақ ана" операсы. Шымкент қалалық опера және балет театры.
  • 18.30. "Әумесерлер" комедиясы. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры.
  • 19.00. SUPER LIVE жас орындаушылардың концерті. Қазақстан халқы ассамблеясы.

23 наурыз

  • 11.00. Әдеби шығармалар конкурсының нәтижелері мен марапаттау рәсімі. Қазақстан халқы ассамблеясы.
  • 12.00 және 14.00. "Наурыз-думан" қойылымы. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры.
  • 15.00. "Өнер барысы". Шымкент-цирк.
  • 15.00. О. Абдурахмановтың "Қайсарлар" комедиясы. Шымкент қалалық өзбек драма театры.
  • 16.00 және 19.00. Тамара Асардың ән кеші. "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы.
  • 16.00. "Домалақ ана" операсы. Шымкент қалалық опера және балет театры.
  • 18.30. "Әумесерлер" комедиясы. Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры.
Серіктестер жаңалықтары