Дауыс беру кезеңі 2021 жылдың 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады.
Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы "Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасына ұсынылған кітаптарды алдын-ала іріктеуді бастады. Мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған кітаптарды қабылдау мерзімі 31 мамыр аяқталған болатын. Енді құжаттары мен қажетті материалдары ұсынылған шығармалар келесі – дауыс беру кезеңіне жіберілді. Дауыс беру кезеңі 4 маусымнан 31 шілдеге дейін жалғасады. Кітаптарға "Кітаптарды іріктеу – 2022" ақпараттық жүйесіне өтіп дауыс беруге болады.
Оқырмандар дауысының қорытындысын Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанындағы Тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелері ескереді. Дегенмен, оқырмандар дауысының қорытындысы шешуші рөл атқармайды.
Оқи отырыңыз: Қайталау және визуализация. Кітапты өнімді оқудың 5 жолы
Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі:
- энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;
- балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;
- мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);
- көркем әдебиет;
- танымдық әдебиет;
- қоғамдық-саяси әдебиет;
- ғылыми-көпшілік әдебиет;
- аударма әдебиет;
- мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет;
Оқи отырыңыз: "Балаларды кітап оқуға баулу өте маңызды". Асхат Аймағамбетовтың ата-аналарға хаты
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу өлшемшарттары мынадай:
- көркемдік құндылық;
- зияткерлік-білім беру және танымдық мазмұн;
- рухани-адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;
- тарихи шынайылық;
- берілген тақырыпқа сәйкес келетін сапалы иллюстрациялық және бейнелеу материалдар (болған жағдайда);
- аударманың әдебиеттің түпнұсқасына сәйкестігі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
261
-
0
-
0
-
-
2🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
247
-
0
-
0
-
-
3🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
240
-
0
-
0
-
-
4🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
253
-
0
-
0
-
-
5🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
255
-
0
-
1
-