Жеңімпаз балуан 25 миллион теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы тайтұяқты иеленеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турнирі оныншы рет ағымдағы жылдың 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Дәстүрлі турнир Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын мерекелеу және ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсаттарын жүзеге асырады.
Qazaq kuresi Ассоциациясының Спортты дамыту директоры Бақдәулет Сәбитов "Қазақстан барысы" жобасының он жыл көлемінде жүріп өткен жолына шолу жасады. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда өткен іріктеу жарыстарынан 37 балуан жолдамаға ие болғанын айтып өтті.
"Қазақстан барысы" турнирінің биылғы жүлде қоры өзгеріссіз. Жеңімпаз атанған балуанға 25 миллион теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы "тайтұяқ" табысталады. Екінші орынға 5 500 000 теңге және үшінші орынға 1 800 000 теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады.
Qazaqstan Barysy" қазақ күресін қолдау және дамыту қорының атқарушы директоры Уразалин Серікбол ақтық финалға жолдама алған 37 балуанның 11-і алғаш рет бақ сынайтынын айтып өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының қызыл аймақта болуына байланысты, 20 пайыз көрерменге рұқсат етілген. Билеттер zakazbiletov.kz сайтында сатылады. Жанкүйерлер турнирді Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирден көре алады. Ресми салмақ өлшеу рәсімі 2 шілде, сағат 19.00-де "Хан Шатыр" орталығында болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-