Тікелей эфир

Сарапшы: Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді шешеді

Елімізде партиялар арасындағы сайлау науқанының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті.

Жер-жерлерде халықпен кездесулер өткізілуде. Бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан өзгеше. Елімізде тұңғыш рет қолданысқа енгізілген праймеризден бастау алған саяси науқан да аяғына тақап келеді. Осы ретте Түркістан қаласының тұрғыны, белгілі профессор Сейдолла Садықовпен сұхбаттасып, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы ойын білген едік.

"Біріншіден, праймериз жаңа буын өкілдерін, жастарды, жалынды азаматтарды, жас кәсіпкерлер мен жаңа тұлғаларды саясат сахнасына алып келді. Оның ішінде белсенді әйелдер мен білімді қыз-келіншектер де аз емес. Бұл – праймериздің жемісі. Бұрындары депутаттар корпусы өзгеріске көп ұшырамайтын. Бірнеше шақырылымда аты бәйгеден оза шабатын белгілі кандидаттар көп болатын. Осы жолы олардың қатары 50 пайызға дейін қысқарып отыр. Екіншіден, Nur Otan партиясы үлкен саяси науқанның алдында партияішілік сайлау өткізіп, өз көшбасшыларын, лайықты тұлғаларын анықтап алды. Нағыз партияшыл азаматтарды барынша іріктеп, үлкен аламанға қосып, сынақтан өткізді. Партияның бұл әрекеті әбден құптарлық. Өйткені, үлкен саяси науқанға мықты дайындықпен бармасаң болмайды. Бүгінде халық саяси сауатты. Бәрін біліп, көріп отыр. Олар кімнің кім екенін, қай партияның осал немесе күшті екенін жақсы біледі. Сондықтан  Nur Otan партиясының негізгі ой-жоспары, әрекеті, іс-қимылы сайлаушылардың көңілінен шығып отыр", – деді Сейдолла Садықов.

Сарапшы әрбір партияның басты стратегиялық құжаты – сайлауалды бағдарламасы деп есептейді. Бұл ретте  Nur Otan партиясының 5 жылдың сайлауалды бағдарламасында Түркістан облысына айрықша мән берілген.  

Профессор Сейдолла Садықов:

"Мен сайлаушы ретінде бас партияның бағдарламасын оқып шықтым. Аталған құжатта бүкіл Қазақстанның барлық елдімекенінің мәселесі жинақталғаны, сарапталғаны, зерделенгені байқалады. Тіпті әр облыс, әр аудан, әр ауылдың өзекті-өзекті деген түйінді түйткілдері қамтылғаны қуантты. Жетекші партия еліміздің дамуын жеті басым бағытта жүзеге асырғалы отыр екен.

Соның алғашқы тармағы – экономикалық тұрақты аймақ. Экономикасыз бүгінде даму жоқ. Мынадай қысылтаяң, қиын-қыстау кезеңде әлемді дүр сілкіндіріп отырған пандемия уақытында ең бірінші мақсат – экономикалық тұрақтылықты сақтау. Осы ретте бас партияның елдегі кәсіпкерлерге қолдау білдіру, шығын және орта бизнеске қаржылай көмек беру, жеңілдіктер қарастыру, азық-түлік қауіпсіздігін сақтау сынды негізгі мақсаттарды жүзеге асыруға күш салғалы отырғаны қуантады. 

Екінші тармақ – жайлы аймақ.  Nur Otan партиясы бұл ретте жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған "Құтты мекен", "Ауыл – ел бесігі" жобаларын жүзеге асыруға өз үлесін қосқалы отыр. Атап айтсақ, Түркістан облысындағы жолдардың сапасын жақсарту, Түркістан қаласындағы халықаралық әуежай құрылысының 1-кезеңін биыл аяқтап, ал 2024 жылы 2-кезеңін аяқтауды  бақылауда ұстайды.  2023 жылы Түркістан қаласында жаңа темір жол вокзалының құрылысын бастауға ықпал етпек. Жолдар кезең-кезеңімен жөнделеді. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 90 пайызға дейін арттырылмақ. 

Ең маңызды да, өзекті дүние – халықты таза ауыз сумен қамту.  Nur Otan партиясы 2025 жылға дейін облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр.

Түркістан облысындағы қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 97,9 пайыз, ал ауылдық елдімекендерде 82,5 пайызды құрайды екен. Ол үшін Nur Otan партиясы ауылдық округтер мен аудандарда сумен жабдықтаудың 49 нысанын салуға күш салуды жоспарлап отыр. 12 елді мекенде сумен жабдықтау желілерін қайта жөндеуге ықпал етеді (бұл 25 714 тұрғынды қамтиды). Нәтижесінде қалалар мен ауылдық елді мекендер тұрғындарының таза ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігі артады. 


Nur Otan партиясы мұнан бөлек, облысты газдандыруды толығымен қолдайды. Облыс орталығын газдандыру халықаралық маңызы бар "Бейнеу-Бозай" газ құбырын пайдалануға беруден басталды. Қазіргі таңда 423 елді мекен немесе 1,3 млн адам табиғи газбен қамтамасыз етілген. Nur Otan партиясы Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды аяқтауға барын салғалы отыр. Аудандар мен қалалардың орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан газға көшіруге күш салмақ. Ауылдық елдімекендерді газбен жабдықтау деңгейін 2021 жылы 54,1 пайыздан 2025 жылға қарай 69 пайызға  дейін арттыруға ықпал етпек. Егер бұл мақсат – міндет толық орындалса, Түркістан қаласы табиғи газбен толық қамтамасыз етілетін болады. Облыс орталығы үшін бұл үлкен жаңалық екені сөзсіз. Қорыта айтқанда, Nur Otan партиясы халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын, қиын-қыстау кезеңдерде қолдау білдіретін нағыз халықшыл партияға айналғанын байқадық". 

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары