Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық сайлауалды штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданына арнайы сапармен болып, штаб отырысын өткізді.
Сарыағаш аудандық штаб төрағасы Құдрет Қыстаубаев штабтың атқарып отырған жұмыстарын баяндап берді. Бүгінде Сарыағаш ауданы бойынша Nur Otan партиясы атынан 54 үміткер бар. Оның 10-ы облыстық, 44-і аудандық мәслихатқа үміткер және 60 белсенді бүгінде орталық аппарат және облыстан келген жадынамаларға сәйкес жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, үміткерлердің жұмыс барысын бақылау мақсатында штабтан қосымша мамандар бекітілген. Штаб жұмысымен танысқан Бейсен Дәулетұлы үгіт-насихат жұмыстарын ширата түсу керектігін ескертті.
Мұнан соң Бейсен Дәулетұлы Сарыағаш қаласының төбе биі Рахымберді Оспановтың шаңырағында болып, келелі әңгіме өрбітті. Бүгінде Рахымберді Оспанов зейнеткер, "Сарыағаш ауданының құрметті азаматы", Сарыағаш қаласының төбе биі, аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері, оқу ісінің үздігі. Сонымен бірге "Ауданның ардақты ардагері» төсбелгісінің иегері және аудандық ата-аналар кеңесінің төрағасы. Әңгіме барысында бас партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттар мен жоба-жоспарлар сөз болды. Өз кезегінде Рахымберді ақасақал 10 қаңтар күні өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беретінін айтып, ақ тілегін жаудырды.
Облыстық сайлауалды штабы Сарыағаш қаласындағы "Лидер НК" ЖШС-нде болып, партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 2007 жылы құрылған кәсіпорында бүгінде 120 адам жұмыс істейді. Жылына 60 тонна жеміс-көкөніс өндіріледі. Жобаның жалпы құны – 200 млн теңге. Жер көлемі 4,5 гектарды құрайды. Мұндағы өнімдер еліміздің барлық аймақтарына таратылады.
Серіктестік ызметкерлерімен жолыққан Бейсен Дәулетұлы алдағы 5 жылда Сарыағаш ауданында атқарылатын ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталды.
"Алдағы 5 жылда Сарыағашта ауыл шаруашылығы салаcында 40 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы қолға алынады. 2021 жылы жалпы ұзындығы 29 шақырым болатын 4 каналды күрделі жөндеуден, 2022 жылы 153 шақырымды құрайтын 2 каналды күрделі және ағымдағы жөндеуден, 2023 жылы 253,4 шақырым келетін 2 каналды күрделі жөндеуден өткізуге күш салынады", – деді Бейсен Дәулетұлы.
Жылыжай көлемі бойынша облысымызда көш басында тұрған аудан үшін ағын су аса қажет. Осы ретте алдағы 5 жылда 520 шақырымды құрайтын батпақ ұлтанды каналдар толығымен бетондалады. Бұл өз кезегінде ағын судың тежелуін тоқтатып, Өзбекстан елінен келетін суды толыққанды ысырапсыз пайдалануға сеп болмақ.
Кедесу соңында облыстық штаб төрағасы кәсіпорын жұмысшыларын 10 қаңтар күнгі сайлауға бір кісідей атсалысып, бас партияға дауыс беруге шақырды. Nur Otan партиясына дауыс беріңіз! ☑
Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді. Материалды толық күйінде не оның бөліктерін қолдануға тыйым салынады.