Жұмыссыз және саудамен айналысатын жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті

Аталған шараға "Қазына", "Арыстан", "Арлан",  "Саламат", "Тиграхауд" т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен жұмыссыз жастар қатысты. 

NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталған іс-шараға базарда, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген 30 адам бақ сынады.

Бұған дейін "Дүйсенбілік спорт" жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Сайысқа түскен жастар арасында болашақта үлкен додаларда топ жаруды  мақсат еткендер де бар. 

Турнир Алматы қаласы Алатау ауданындағы ADD үстел теннисі орталығында өтті. Аталған шараға "Қазына", "Арыстан", "Арлан",  "Саламат", "Тиграхауд" т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен жұмыссыз жастар қатысты. Алғашқы іріктеу кезінде 2 топқа бөлініп, өзара іріктеу ойындарын өткізді. Ширек финал мен жартылай финалдық сайысқа сүрінбей жеткен жастар арасындағы ойын тартысты өтті.


Оқи отырыңыз: Медицина бойынша орынбасар және аға мейіргер. Әлеуметтік қызмет ұйымдарына жаңа лауазымдар енгізіледі


Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды "Арыстан" базарының үстел теннисшілері иеленді. 250 мың теңгенің сертификатын қанжығасына байлады. Ал екінші орын алған "Тиграхауд" базарының жастары 150 мың теңгенің сертификатын олжалады. Үшінші орынды "Жаңа Ялян", "Сары-арқа" базарының ойыншылары өзара бөлісіп, әрқайсысы 50 мың теңгенің сертификаттарын еншіледі.

Енді алдағы уақытта "Дүйсенбілік спорт" жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында баскетболдан, волейболдан кемінде 16 команданың, ал киберспорт бойынша 30 ойыншының қатысуымен турнир ұйымдастырылмақ.

Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен медаль, кубоктарды үстел теннисінен халықаралық спорт шебері Игорь Медведев табыс етті. Турнирге белгілі спорт шебері Алексей Тимченко төрелік жасады.

Серіктестер жаңалықтары