Концерт қорытындысы бойынша екі жас санатының әрқайсысы бойынша төрт жеңімпаздан анықталады.
15 жасқа дейінгі жас домбырашыларға арналған бірінші республикалық "Домбыра-Дастан" байқауы басталды.
Байқау шарттары бойынша қатысушылар жас санаттары бойынша екі топқа бөлінеді: балалар тобында 6 мен 11 жас аралығындағы күйшілер, ал жасөспірімдер тобында 12 мен 15 жас аралығындағы домбырашылар өнер көрсетеді.
Үздік жас орындаушыларға жалпы 40 миллион теңге жүлде қоры тағайындалды. Байқау қорытындысы бойынша 8 үздік домбырашы анықталады. Олар 2 миллион теңгеден 8 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлыққа ие болады.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында – қазақстандық музыка өнерінің еңбегі сіңген қайраткерлері, олардың арасында Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрдің бас дирижері Абылай Тілепбергенов, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп директоры Нүркен Үшіров, профессор Айгүл Үлкенбаева, Шабыт университетінің оқытушысы және "шертпе" шебері Жанали Жүзбай және т.б.
"Біздің қайырымдылық қор 20 жыл бойы дарынды шығармашыл балаларды қолдаудың жүйелі бағдарламаларын жүзеге асырып келеді. Қазақтың озық дәстүрлеріне негізделген "Домбыра-Дастан" жобасы қазақ музыка өнерінің жас жұлдыздарының ашылуына, ұлттық музыка мектебінің Қазақстанда да, халықаралық аренада да дамуына септігін тигізеді. Байқаудың жан-жақты шығармашыл бағдарламасы күй өнерін және музыканттардың мәртебесін жаңа деңгейге көтеретін бірегей музыкалық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді", – деді "Сәби" қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова.
"Домбыра-Дастан" байқауы үш кезеңде өтеді: бірінші кезеңде 2022 жылдың 10 мен 31 қаңтары аралығында жас орындаушылар dombyradastan.kz сайтында тіркеліп, өз бетінше таңдалған екі күйдің орындауын бейнежазбаға түсіріп, қазылар алқасының қарауына өтініш жібереді.
Екінші кезеңде Алматы, Өскемен, Атырау, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының үздік концерттік залдарында офлайн тыңдаулар өтеді. Бұл айналымда сайыстың ақтық кезеңіне өтетін қатысушылар анықталады.
Үшінші кезеңде жас домбырашылар мен Қазақстанның музыка мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткерлердің қатысуымен гала-концерт өтеді. Концерт қорытындысы бойынша екі жас санатының әрқайсысы бойынша төрт жеңімпаздан анықталады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-