Алматыда Майлин көшесінің бір бөлігінде жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
21 тамыз сағат 20:00-ден 24 тамыз сағат 08:00-ге дейін Майлин көшесінің №9 үйден Тбилиси көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Жөндеу жұмыстары көшенің батыс бөлігінде жүргізіледі. Осыған байланысты қарама-қарсы бағытта реверсивті көлік қозғалысы ұйымдастырылады.
Жүргізушілерге аталған учаскедегі уақытша өзгерістерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау сұралды.
Көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы өзекті ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланады.