Тікелей эфир

Жетісу облысында халық егістік жерге қол жеткізе алмай жүр

Биыл шенеуніктер кәсіпкерге жерді мақсатты пайдаланбадың деп жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартқан.

Жетісу облысында Алтынарық ауылының тұрғындары егістік жерге қол жеткізе алмай жүр. Елдімекенде 2 мың гектар суармалы жер бар. Соның басым бөлігін жеке компаниялар жалға алған екен. Алайда, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер пайдаланылмай бос жатыр деп налиды тұрғындар. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы хабарлады. 

"Қара халық тұрмыз, ешкімде жер жоқ. Біз де жер сеуіп, күн көргіміз келеді. Екі сиыр асырайсың, біреуін сатуың керек. Бір сиырды асырайсың, бір сиыр енді екеу болды дегенде келесі жылы қайта біреуін сату керек шөп алу үшін ол. Жалғыз малмен ғана отырмыз", – деді Алтынарық ауылының тұрғыны Дәурен Әбденов. 


Оқи отырыңыз: "2040 жылға қарай түк қалмайды": Экобелсенділер Алматыдағы алма бақтарының оталуына алаңдаулы


Суармалы жер болғанмен жылдар бойы соқа түспеген. Тікен басып жатыр. Аумағы шамамен 40 гектардай. Тұрғындар қазір нағыз өнім жинайтын уақытта жердің қурап жатқанына налиды. Ауылда 2 мың гектардай суармалы жер бар. Бірақ оның көбін жеке компаниялар жалға алып отыр. Алайда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер пайдаланылмай бос жатыр.

"Агро холдингтің 480 гектар жері бар. Бірақ түгел пайдаланылмайды. Су баратын жақсы жерлерді арендаға беріп тастаған, нақты өздері келіп жасаған жоқ. 4-5 жыл болды", – деді Алтынарық ауылының тұрғыны Қали Беркімбаев. 

Биыл шенеуніктер кәсіпкерге жерді мақсатты пайдаланбадың деп жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартқан. Енді халық сол жерді ауыл тұрғындарына конкурс арқылы бөліп беруді сұрайды. Алайда серіктестік басшысы құзырлы органға шағымданған.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында алма бақтарының ауданын 1036 гектарға жеткізу жоспарланып отыр


"Ол жер қоры аудан қорына қайтарылды. Онымен келіспей "Агро холдинг" жер басқару департаментіне арызданды. Олар тексеріс ашып, бізге нұсқама берді. Енді онымен біз келіспейміз", – деді Ақсу аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ерлан Османбеков. 

Тараптар арасындағы дау ұзаққа баратын сыңайлы. Алайда, шенеуніктер кәсіпкердің жерді пайдаланбағанын дәлелдейміз деп отыр. Егер оң шешім шықса ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумақ конкурс арқылы елге үлестірілмек. 

Серіктестер жаңалықтары