USD: 478.7 / 481.7
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.83 / 5.99
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Шымкентте XXXV Qosanov Memorial халықаралық турнирі басталды

Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы
Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы
Биыл жарысқа 12 елден 250-ге жуық спортшы қатысуда.

Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан XXXV Qosanov Memorial World Athletics Continental Tour Bronze Level халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Оған Шымкент  әкімі Ғабит Сыздықбеков, жеңіл атлетика ардагері Әмен Тұяқов, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Асхат Хасенов, спортшылар, жаттықтырушылар және жанкүйерлер қатысты. Рәсім барысында қазақ жеңіл атлетикасының тарихындағы бірегей тұлға, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановтың спорттағы орны мен Qosanov Memorial турнирінің маңызы атап өтілді.

Фото: ҚР Жеңіл атлетика федерациясы

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы жарыс күніндегі финалдық сайыстар жалғасты. Жарыс бағдарламасы аясында спортшылар жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, секіру және лақтыру дисциплиналарында бақ сынады. Бірінші күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары бірнеше дисциплинада жеңімпаз және жүлдегер атанды.

  • Әйелдер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Аделина Земс 55.69 секунд нәтижемен жеңімпаз атанды. Бұл сында жүлделі үш орынды да отандастарымыз иеленді: Анастасия Колода 59.66 секундпен екінші, Екатерина Колода 1:00.30 нәтижемен үшінші орын алды.
  • Ерлер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Вячеслав Земс 50.90 секунд көрсеткішпен бірінші орыннан көрінді. Ал 400 метрге жүгіруде Ефим Тарассов 47.43 секунд нәтижемен топ жарды. Бұл дисциплинада Эльнор Мухитдинов 47.52 секундпен қола жүлдегер атанды.
  • Әйелдер арасындағы 1500 метр қашықтықта Аяна Болатбекқызы 4:19.43 нәтижемен жеңіске жетсе, Ақбаян Нұрмамет 4:25.59 көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді. Ерлер арасындағы 1500 метрде Игорь Хрунин 3:48.03 нәтижемен қола медаль жеңіп алды.
  • Әйелдер арасындағы ұзындыққа секіруде қазақстандық спортшылар жүлделі үш орынды толық иеленді. Анастасия Рыпакова 5.91 метр нәтижемен бірінші орын алды. Мария Щипачева 5.77 метр көрсеткішпен екінші, Варвара Дмитриева 5.57 метр нәтижемен үшінші орыннан көрінді.
  • 100 метрге жүгіруде Виктория Ан 11.97 секунд нәтижемен күміс, Арина Мишеева 12.24 секундпен қола жүлде иеленді. Ерлер арасында Алмат Төлебаев 10.88 секунд нәтижемен үшінші орын алды. Ерлер арасындағы ядро итеруде Иван Иванов 18.67 метр нәтижемен қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, XXXV Qosanov Memorial турнирі World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енгізілген. Биыл жарысқа 12 елден 250-ге жуық спортшы қатысуда. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау