USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті меморандум жасасты

Фото: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Фото: Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы
Оның аясындағы алғашқы жарыстар 2026 жылдың маусым айынан бастап өткізіледі.

Қазақстан Жеңіл атлетика федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт университеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандум қабылдады, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. 

Қос тарап өкілдері – ҚР Жеңіл атлетика федерациясының Бас хатшысы Келбет Нұрғазина мен Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева маңызды құжатқа қол қойып, екі ұжым арасындағы ынтымақтастықты бекіте түсті. 

Меморандум аясында жеңіл атлетикадан Қазақстанның жазғы чемпионаттары ұлттық спорт университетінің базасында өткізілетін болып шешілді. Сондай-ақ, жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшыларының жаттығу жиындарын оқу орнының базасында ұйымдастыру мәселесі оң шешім тапты.

Алдағы уақытта Қазақ ұлттық спорт университетінің қабырғасында халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі де қарастырылады. 

Екі ұжым арасындағы ынтымақтастық жалпы алғанда отандық жеңіл атлетиканы дамытуға, жоғары нәтижелі спортшыларды дайындауға және мамандардың біліктігін арттыруға бағытталған. 

Меморандум аясындағы алғашқы жарыстар 2026 жылдың маусым айынан бастап өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз