Шымкент жастары да мемлекет жалға берген үйлерді жекешелендіріп беруді сұрайды. Олар бес жылда жаңа баспананың алғашқы жарнасын жинай алмадық деп отыр. Оған қымбатшылық себеп екен. Сондықтан шенеуніктерден уақытша қоныстанған үйлерін ипотека арқылы сатып алуға мүмкіндік беруді өтінді, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Біріншісі ипотекаға алатындар. Толықтай сатып алатындар да бар. Біздің жастардың арасында да "толық сатып аламын" дегендер бар. Ипотека ала алмайтын, әлеуметтік статусы мүлдем төмендеп кеткен, жағдайы төмендеп кеткен жастар да бар арамызда. Ол кісілер жалға алатын уақытын созып алса – міне, осы үш бағытты ұсынып отырмын", – деді Шымкент қаласының тұрғыны.
Оқи отырыңыз: Тоқаев жас ғалымдарға баспана кілтін табыстады
Көбі жалдамалы пәтерді ипотека арқылы сатып алуға да дайын. Ал шенеуніктер мемлекет жұмыс істейтін жастарға артылған ақшаны жинайтын тамаша мүмкіндік берілгенін айтады. Өйткені жалдамалы пәтердің ақысы айына бар-жоғы 10-15 мың теңге аралығында. Соған қарамастан атқамінерлер мәселені шешуге тырысып көреміз деп отыр.
"Үкіметтен бекітілгенде жұмысшы жастар деп бекітілген. Яғни, бұл азаматтар жұмыс жасап-жасап, өзінің жағдайын жасайды деп бекітілген. Ол бағдарлама іс жүзінде орындалмады деп айтсақ болады. Өйткені өмір ғой. Өмір болған соң азаматтар жұмыстан шығып кетеді. Әртүрлі жағдай болады. Көпбалалы ана болды. Әкімдік тарапынан Отбасы банкпен келіссөз жүргізіп жатырмыз", – деді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.
Бірақ биыл бұл бағдарлама Шымкентте тоқтапты. Себебі, жұмыс істейтін жастарға берілетін үй жоқ. Жалпы, осы тұрғын үй бағдарламасымен Шымкент қаласында төрт мыңға жуық адамға пәтер кілті табысталған. Шарт бойынша барлығы бес жылдан кейін баспананы босатуы тиіс.
Оқи отырыңыз: Бектенов тұрғын үй кезегіне тұрудың жаңа тәртібін түсіндірді
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61