USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Шегірткемен күрес: жоспарланған аумақтардың 66 пайызы өңделді

Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді.

Қазақстанда жоспарланған аумақтардың 66%-ы шегірткеге қарсы өңделді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды.

Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника дайын.

"Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында РФ шекарасы бойында 104 км алаңда химиялық өңдеу жүргізілді, барлығы 219 км шекара аймағының 195 шақырымын өңдеу жоспарланған", – делінген хабарламада.

Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз