Құрылтай сайлауында жүздеген учаскеде дауыс беру аяқталды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
10 мыңнан астам учаске жұмыс істеді.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясы азаматтардың уақытша болатын орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады.

ОСК хатшысы Шавкат Өтемісовтің айтуынша, уақытша болу орындарында орналасқан сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтаған.

"Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 305 учаскеде дауыс беру аяқталды", – деді Шавкат Өтемісов арнайы брифингте.

Уақытша болу орындарына емдеу мекемелері, әскери бөлімдер, түзеу мекемелері, уақытша ұстау изоляторлары, сондай-ақ азаматтар жұмыс істейтін немесе демалатын орындар жатады.

Бүгін таңғы сағат 07:00-де республика бойынша 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.

Жалпы Қазақстан бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған 10 423 сайлау учаскесі ұйымдастырылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау