Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді. Президент бүгінгі күнді Қазақстан үшін тарихи оқиға деп атады.
"Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атқарылған жұмыстарға қарамастан, алда ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.
"Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана", – деді президент.
Қазақстанда бүгін, 23 тамызда, ел тарихындағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.