Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға төмен.
Жыл басынан бері "Жолаушылар тасымалы" АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 117 жолаушыны түсірген.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға төмен.
Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкбагажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушыны келесі жағдайларда пойыздан түсіреді:
- Егер жолаушы алкоголь немесе есірткі әсерінен мас күйде болып, өз іс-әрекеттерімен қауіп төндіріп немесе басқа жолаушыларға қолайсыздық келтірсе.
- Егер жолаушы вагонның ішіндн темекі шексе.
- Егер жолаушы жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартып, пойыз билеті болмаған жағдайда.
- Егер жолаушы басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекет жасаса.
- Егер жолаушы өзімен бірге айналасындағыларға қауіп төндіретін тыйым салынған заттар немесе жүктер алып жүрсе.