Тікелей эфир

Қазақстанның 4 облысы арқылы өтетін Бішкек – Мәскеу пойызы 18 желтоқсаннан бастап жолаушы тасымалдайды

2025 жылы іске қосылатын Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да Қазақстан арқылы өтеді.

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей темір жолдары кәсіпорындарының ортақ келісімі бойынша Бішкек – Мәскеу пойызы биылғы 18 желтоқсаннан бастап аптасына екі мәрте қатынайтын болды. Бұған дейін Қырғызстанның Транспорт және коммуникация министрлігі бұл бағыт 2025 жылы ашылатынын хабарлаған болатын. Бұл шешімге түзетулер енгізілді. 

Бішкек – Мәскеу пойызы аптасына екі рет жолаушы тасымалдайды және Қазақстанның Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары арқылы өтеді. Бішкектен Мәскеуге дейінгі жалпы жол ұзақтығы 4 тәулікке созылады. 

Еске салайық, Covid-19 коронавирусына қатысты шектеулерге байланысты бұл бағытта пойыз қатынауын тоқтатқан болатын. Ал пандемиядан кейін пойыз Ресейдің Самара қаласындағы станциясына дейін қатынады. 

Сондай-ақ, Қырғызстан темір жолы кәсіпорнының хабарлауынша, 2025 жылы Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да жолаушы тасымалдайды. Бұл пойыздар да Қазақстан аумағы арқылы өтетінін еске саламыз. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы жолаушы вагондарының қаншасы тозған


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары