Тікелей эфир

Қазақстанда "Қазгидрогеология" мемлекеттік компаниясы құрылады. Ол немен айналысады

Компания үш республикалық мекеменің басын біріктіреді.

Ашық НҚА порталында Қазақстанда "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы үкімет қаулысының жобасы жарияланды. Бұл компанияның жарғылық капиталы толықтай мемлекетке тиесілі болады. 

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, жаңа компания үш мемлекеттік мекемені біріктіру арқылы құрылады. Олар: 

  • "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталық" РММ;
  • "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" РММ;
  • "Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" РММ. 

Жаңа компания құрамында бұл мекемелер енді "гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы" деп аталады. 

"Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорындарды өндірістік-техникалық сумен қамтамасыз ету, суармалы ауыл шаруашылығы жерлерін суару, суармалы жерлердің гидрогеологиялық-мелиоративтік жағдайын бағалау және де басқа жұмыстармен айналысады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанның су ресурстары жүйесін дамытуға шамамен 2 трлн теңге қажет


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары