Қазақстанда банк карталарын шығару ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Оған қаржылық қылмыстардың азаймай отырғаны басты себеп.

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 28 наурыздағы қаулысы арқылы банк карточкаларын алу процессіне өзгеріс енгізді. Тиісті қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

Құжат бойынша, 18-21 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарына төлем карталарын онлайн шығаруға немесе қайта шығаруға тыйым салынады. Жаңа картаны алу үшін олар банк бөлімшесіне баруға тиіс. Бұдан бөлек, банктерге 21 жасқа толмаған жастармен қашықтан іскерлік қарым-қатынас орнатуға тыйым салынады.

Енді банктің мобильді қосымшаны пайдалану үшін азаматтар банк идентификаттаған ұялы байланыстың бір абоненттік құрылғысын ғана пайдалана алады.

Құжат жобасы биыл 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау