USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстан азаматтарының банк картасына бақылау күшейеді

Фото: kp.ru
Фото: kp.ru
Құзырлы органдар бүгінде алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлер көбейгенін жиі айтады.

Қазақстан азаматтарының банк картасына бақылау күшеймек, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, енді бір банктің бес немесе одан да көп картасы бар азаматтар назарда болады. Оларды тіпті заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін деп арнайы санатқа кіргізеді. 

Қаржы ұйымының өзі бірнеше картасы бар клиентінің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отыруға міндеттеледі. Құзырлы органдар бүгінде алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлер көбейгенін жиі айтады. 

"Бұл шаралар негізінен есірткінің заңсыз айналымы тәуекелдерін барынша азайту мақсатында және дропперлер санын азайту үшін қабылданған. Осыған орай банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы ҚР заңына сәйкес қосымша мәлімет сұрауы мүмкін", – деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бас маманы Асқар Сейданов. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау