Премьер-министр Олжас Бектенов жаңадан құрылған бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысып, дауыс берді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция өз күшіне енгеннен кейін Құрылтай Сенат пен Мәжілістің орнын басты. Бір палаталы заң шығарушы орган партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутаттан тұрады.
Құрылтай депутаттарының сайлауы бүгін, 23 тамызда өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы елдегі барлық жеті саяси партияның кандидаттар тізімін тіркеді. Бұл сайлауда 12,5 миллионнан астам сайлаушы дауыс бере алады. Дауыс қабылдау кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы: танымал саясаткерлерден кім дауыс берді