Тікелей эфир

Пірматов: Ресей банктерін SWIFT-тен шектеу Қазақстанның төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді

Қазақстандық банктер ел ішінде төлемдер мен ақша аударымдарды штаттық режимде жүргізіп жатыр.

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында көрші елдердегі жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанда инфляцияны төмендету, теңгедегі жинақтарды қорғау және елдің алтынвалюта резервтерінің орынды жұмсалуына бағытталған жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық банк нақты уақыт режимінде жағдайдың дамуын бақылап, Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсерін бағалап отыр.

"26 және 27 ақпанда АҚШ және Еуропа елдері Ресейдің жекелеген банктерін SWIFT-тен ажырату және Ресейдің Орталық банкі активтерінің жұмысына тыйым салу арқылы Ресейдің қаржы секторына қатысты бұрын соңды болмаған шектеу шараларының жаңа топтамасы туралы жариялады", – деген Ғалымжан Пірматов Ұлттық банк Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсерін барынша азайту мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға кіріскенін атап өтті.


Оқи отырыңыз: 1 доллар – 495 теңге. Ресей-Украина қақтығысының Қазақстан экономикасына ықпалы қандай?


Олар:

Бірінші. Кеше сыртқы нарықтардағы жоғары белгісіздік аясында Ресей рублі  құбылмалығының жоғарланған ықпалын алдын алу мақсатында Ұлттық банк теңге – доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттықты франкфурттық аукцион режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, артық құбылмалықты болдырмау үшін Ресей Федерациясында толыққанды сауда-саттық тиісінше ашылып, Ресейдің Орталық банкінің шаралары жария етілгенге дейін теңге – доллар жұбымен сауда-саттықты ашу кейінгі қалдырылды.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 495 теңге 00 тиын деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн долларды құрады. Құбылмалылықтың жоғарылауын ескере отырып, ҚРҰБ-ның валюталық интервенциялары 98,1 млн доллар немесе сауда-саттық көлемінің 61,5%-ы болды.

Екінші. Ресейдің жекелеген банктерінің SWIFT-ке кіру рұқсатын бұғаттау Қазақстан ішіндегі төлемдерді жүргізуге әсері тимейтінін және елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейтінін атап өтеміз. Қазақстан банктерінің ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу жөніндегі барлық операциялары штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары