USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Могул мен биатлон: қазақстандық спортшылардың 11 ақпандағы жарыс кестесі

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
Бүгін 7 қазақстандық спортшы жарысқа шығады.

11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.

Бүгін Қазақстан құрамасының жеті спортшысы үш спорт түрі бойынша сынға түседі.

Алғаш болып 14:00-де шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Рақпаров қалыпты тұғыр бағдарламасында өнер көрсетеді. Ол 17:45-те шаңғы жарысында да жарыс жолына шығады.

15:00-де фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші іріктеу кезеңі өтеді. Бұл сында Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Әмренова бақ сынайды.

18:15-те биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыста Айша Ракишева мен Милана Генева ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ 18:15-те фристайл-могулдан финалдық кезең өтеді. Қазақстандық спортшылар іріктеуден сәтті өткен жағдайда жүлде үшін таласады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз