USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

250 мың доллар: Қазақстан Олимпиада чемпиондарына ең жоғары сыйақы беретін елдердің қатарында

Фото: ҚР ҰОК/Сәли Сабиров
Фото: ҚР ҰОК/Сәли Сабиров
Қазақстан алтын медаль үшін 250 мың доллар төлейді.

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында берілетін әр алтын медальдің құрамында 6 грамм алтын және шамамен 500 грамм күміс бар. Металдың қымбаттауын ескергенде, бір медальдің материалдық құны 1 000 АҚШ долларынан асады. Алайда кей елдің спортшылары үшін алтын жүлденің құндылығы бұдан әлдеқайда жоғары, деп жазады Forbes.

Forbes дерегінше, кемінде 37 мемлекет өз спортшыларына Олимпиада медальдары үшін ақшалай сыйақы қарастырғаны белгілі болды.

Жеке спорт түрінде алтын медаль алған спортшыға берілетін сыйақы көлемі елдерге қарай айтарлықтай өзгереді. Мәселен, Жаңа Зеландия спортшылары шамамен 3 мың доллар алса, Сингапур чемпиондарына 787 мың доллар төленеді. Сонымен қатар ең жоғары сыйақы ұсынатын елдердің қатарында Гонконг (768 мың доллар) пен Польша (355 мың доллар) бар.

Қазақстан да алтын медаль үшін ең қомақты сыйақы ұсынатын мемлекеттердің қатарында. Жеке дисциплинада Олимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы шамамен 250 мың АҚШ долларын ала алады.

Ал АҚШ-та Олимпиада чемпионына берілетін сыйақы 37 500 долларды ғана құрайды, бұл көптеген елмен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Жалпы алғанда, кемінде 13 мемлекет пен аумақ жеке спорт түрлерінде алтын медаль алған әрбір чемпионға 100 мың доллардан астам сыйақы төлеуге дайын.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз