USD: 469.5 / 471.9
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

Грузияда апатқа ұшыраған түркиялық әскери ұшақтағы 20 адамның 19-ының денесі табылды

Фото: AP Photo / Zurab Tsertsvadze
Фото: AP Photo / Zurab Tsertsvadze
Қазір апат себептерін Грузия, Әзербайжан және Түркия бірлесіп зерттеп жатыр.

11 қарашада Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған әскери ұшақта болған 20 адамның 19-ының денесі табылса, жиырмасыншы адамның денесі іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ, ұшақтың "қара жәшігі" де табылған. Бұл туралы Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған хабарлады, деп жазды Анадолы ақпарат агенттігі

"Біз 19 марқұмның денесін таптық, соңғысын іздестіру әлі жалғасып жатыр", – деді Түркия басшысы.

Режеп Тайып Ердоған апат болған аймақтағы жұмыстардың барысы нақты уақыт режимінде бақыланып отырғанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу жүргізілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі мен Президент әкімшілігі жанындағы Байланыс басқармасы қоғамды үнемі хабардар етіп отырады. Сондай-ақ, ол адамдарды апатқа қатысты жалған ақпараттардан сақ болуға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау