Тікелей эфир

"Бағаны қайта реттеу керек". Елімізде дәрі-дәрмек қымбаттай ма

Биыл бағаны қайта реттеудің екінші кезеңі болуы керек.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрі-дәрмек бағасына қатысты пікір білдірді.

"Биыл 1 қаңтарда 1 767 дәрі-дәрмектің атауы бойынша баға қайта реттелуі керек еді. Бірақ бұйрыққа қол қойылмады. Ақпан айында былтыр бағасы қайта реттелген дәрі-дәрмектерге талдау жүргіздік. Бұл үш немесе одан да көп аналогы бар 303 препараттың атауы болды. Осы дәрі-дәрмектердің негізгі тобында өсім болды, бірқатарында баға шегі төмендеді. Сондықтан жылдың аяғында бұл көрсеткіш 14% болды, яғни, баға өсті. Биыл бағаны қайта реттеудің екінші кезеңі болуы керек. Бірінші жартыжылдықта оны жүргізген жоқпыз", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, бірқатар дәрі-дәрмектің бағасын қайта реттеу керек.

"Бүгінде фармацевтикалық сала осы бұйрықты күтіп отыр. Бірақ бұл әлеуметтік тұрғыдан маңызды мәселе болғандықтан, тиісті талдау арқылы ғана шешім қабылдаймыз. Дәрі бағасы өседі не өспейді деп толыққанды айту ерте. Себебі талдау жұмыстарын әлі аяқтаған жоқпыз. Сондықтан оңтайлы шешім қабылдауға тырысамыз", – деді Ақмарал Әлназарова.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары