USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.39 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Су басқан аймақтарға 70 миллион теңгеге дәрі-дәрмек жеткізіледі

Оның ішінде антибиотиктер, ауырсынуды, ісінуді және қызбаны басатын қабынуға қарсы, микробқа қарсы және өзге де препараттар бар.

Қазақстанда қардың еруінен және бөгеттердің бұзылуынан туындаған алапат су тасқыны басталғаннан кейін SANTO Member of Polpharma Group зардап шеккен аймақтарды жалпы сомасы 70 миллион теңгені құрайтын қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп жатқанын мәлімдеді.

Оның ішінде микробқа қарсы препараттар, антибиотиктер, ауырсынуды, ісінуді және қызбаны басатын қабынуға қарсы препараттар, асқазан-ішек жолдарына арналған препараттар, пробиотиктер, анестетиктер, созылмалы ауруларды емдеуге арналған кардиологиялық препараттар (гипертония, жүрек-тамыр аурулары) бар.

"Қазіргі таңдағы қиын жағдайда SANTO Member of Polpharma Group компаниясы зардап шеккен аймақтарға шұғыл түрде фармацевтикалық препараттарды жеткізіп, көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Әр өңірге жалпы сомасы 70 миллион теңгенің гуманитарлық жүктері жөнелтілді. Халыққа шынымен қажет дұниені жіберу үшін әр өңірдің дәрі-дәрмекке деген қажеттілігін сұрадық. Олардың арасында белгілі бір дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қабылдауға тағайындалған көптеген созылмалы науқастар бар. Бұл да сәтсіздікке ұшырамауға тиіс үлкен жұмыс. Адамдар дәрі-дәрмексіз қала алмайды және біздің міндетіміз оларды уақытында жеткізу. Сондай-ақ, апат салдарынан қиын өмірлік жағдайға тап болған компания қызметкерлеріне қолдау көрсетуді қолға алдық", – деді SANTO бас директоры Адам Алексейюк. 


Оқи отырыңыз: Су тасқынынан кейін: мамырда Қазақстанда құрғақшылық күтіледі


Қазақстанның 10 облысының елді мекендерінде су тасқынына байланысты жергілікті төтенше жағдай режимі енгізілді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды Қазақстандағы соңғы 80 жылдағы ең үлкен апат деп атады. 60-тан астам елді мекен сыртқы әлеммен байланыссыз қалды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан аумақтардан 118 мыңнан астам адам эвакуацияланды, мыңдаған ғимараттар мен аумақтар әлі де су астында қалып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз