Бірнеше күннен кейін Астанада әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концерті өтеді. Көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік кептелісін азайту үшін "Астана Арена" стадионы маңындағы жолдарға уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Концерт 3 қыркүйек күні сағат 20:00-де басталады.
Әкімдіктің мәліметінше, көлік қозғалысына шектеу "Алау" мұз сарайы жағынан, яғни Марко Поло көшесі, сондай-ақ "Сарыарқа" велотрегі жағынан, Месроп Маштоц көшесі арқылы келетін жолдарға қойылады. Көрермендерге жеке көлікпен стадионға бармай, арнайы шаттл автобустарды пайдалану ұсынылады.
Шаттл автобустар сағат 16:00-ден бастап қаланың төрт тұрақ аймағынан "Астана Аренаға" қатынайды. Көрермендер көлігін тұраққа қалдырып, стадионға шаттл автобуспен жете алады. Концерт аяқталған соң автобустар жолаушыларды сол тұрақтарға кері жеткізеді.
Шаттл бағыттары:
- Елорда циркі маңындағы тұрақ;
- "Әзірет Сұлтан" мешіті маңындағы тұрақ;
- Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешені маңындағы тұрақ;
- "Нұр-Сұлтан" мешіті (Бас мешіт) маңындағы тұрақ.
Сонымен қатар "Астана Аренаға" LRT арқылы да тікелей жетуге болады.