Астанада Айтматов көшесінің бір бөлігі бес күнге жабылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
25-29 тамыз аралығында жолдың бір бөлігі жабылады.

Астанада Ш. Айтматов көшесінің Ж. Молдағалиев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"25-29 тамыз аралығында жолдың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты қозғалыс ішінара жабылады. Бұл уақытта автокөліктердің қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, жолдағы уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады", – делінген хабарламада. 

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған учаскеде уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау