Ақмола облысында жанып жатқан үйге қайта кірген қария көз жұмды

Зейнеткер көшеге аман шыққанымен, жанып жатқан үйге қайта кірген.

Бүгін таңертең Щучинск қаласында көппәтерлі бір қабатты тұрғын үйде өрт болып, шатыр өртенді.

"Өрт кезінде пәтерде әйел адам және оның 1941 жылы туған анасы болған. Түтінді сезген әйелдер көшеге шыққанымен, зейнеткер белгісіз себептермен жанып жатқан үйге қайта кірген. Шақыру орнына келген Щучинск қаласы жасағының өрт сөндірушілері әйел адамды көшеге шығарды, бірақ, өкінішке орай, көп ұзамай ол қайтыс болды", – делінген хабарламада.

Фото: Ақмола ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің себебі анықталып жатыр.


Оқи отырыңыз: "Ештеңе өзгермейді". Министрлік жедел жәрдем жұмысы туралы мәлімдеме жасады


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау