Тікелей эфир

Әнші Досымжан Таңатаров Астанадағы Жастар театрының директоры болып тағайындалды

Театрға оған дейін Әділ Ахметов жетекшілік еткен болатын.

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров Астанадағы "Жастар театрының" директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Ол – Мәдениет қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисті, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.


Оқи отырыңыз: "Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым". Жастар театры мамырда Алматыда қандай спектакльдер қояды?


 

Серіктестер жаңалықтары