Тікелей эфир

"Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым". Жастар театры мамырда Алматыда қандай спектакльдер қояды?

Фото: zhastar-theatre.kz
Фото: zhastar-theatre.kz
10-15 мамыр аралығында Жастар театрының ұжымы Алматыда Алатау дәстүрлі өнер театрында және Мүсірепов театрында өнер көрсетеді.

Астана әкімдігінің "Жастар театры" – жас болса да сан қырлы өнерімен, жаңашылдығымен қазақ театр өнерінде өзіндік орны бар театр. Театрдың негізін қалаған Нұртас Жақыпбай 14 жылдан бері өнер ордасының көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері қызметін атқарып келеді. Театр труппасындағы артистердің көпшілігі – Нұртас Жақыпбайдың төл шәкірттері. Жастар театрында Ғани Құлжанов, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Мейірғат Амангелдиев сынды кинода да есімі белгілі актерлер өнер көрсетіп келеді. 

Осы орайда Информбюро порталы театрдың мамыр айындағы репертуарын ұсынады.

Гастрольдік сапар репертуары

Жастар театры мамыр айында Қарағанды, Балқаш, Талдықорған, Алматы қалаларында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Өнер ұжымы екі апта бойы "Жанарымдағы жалғыз әуен", "Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым", "Ромео-Жульетта", "Асауға тұсау" секілді көрерменнің жүргеніне орын тапқан спектакльдерді сахналайды. Алматылық көрермендер 10-15 мамыр аралығында Жастар театрының төлқұжатына айналған спектакльдер мен "Қылкөпір" премьерасын тамашалай алады. 

Алатау дәстүрлі өнер театрында:

  • 10 мамыр сағат 15.00-де "Жанарымдағы жалғыз әуен", 18.30-да "Қылкөпір";
  • 11 мамыр 14.00 және 19.00-де "Пранк Махаббат" комедиясы;
  • 12 мамыр 19.00-де "Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым" мюзиклі.

Мүсірепов театрында 19.00-де "Шекспирмен үш күн" триптихі:

  • 13 мамыр "Ханзада" ("Гамлет") трагедиясы;
  • 14 мамыр "Ромео мен Жульетта" қасіретті махаббат хикаясы;
  • 15 мамыр "Асауға тұсау" комедиясы.
Фото: Жастар театрының баспасөз қызметі

Мамыр репертуары

Гастрольден оралғаннан кейін Жастар театрының ұжымы келесі спектакльдерді сахналайды:

  • 23 мамырда "Ромео-Жульетта" трагедиясы;
  • 24 мамырда сағат 11.00-де "Ақыл патшалығы" ертегісі;
  • 25 мамырда "Асауға тұсау" комедиясы;
  • 25 мамырда "Өмір" драмасы;
  • 28 мамырда "Мұң" триптихі;
  • 30-31 мамырда "Алғашқы махаббат" комедиясы. 

Спектакльдер 19.00-де басталады. Театр мекенжайы: Ілияс Есенберлин көшесі, 10. Билеттер ticketon.kz сайтында 700-2000 теңге аралығында сатылады. Касса: 8 7172 39 26 48. Театрдың әлеуметтік желілердегі парақшасы: Instagram және Facebook.


Оқи отырыңыз: Қаллеки театры Алматы мен Астанада қандай қойылымдар қояды? Мамыр репертуары


"Қанаттылар" инклюзивті театры 3 мамырда сағат 12.00 мен 16.00-де Жастар театры сахнасында "Үй таңдаған лақ" ертегісін, 4 және 5 мамырда сағат 19.00-де "Өмір ғайып" мелодрамасын қояды. 

Сондай-ақ, Атырау облысындағы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры елордаға гастрольдік сапармен келеді.

  • 17-18 мамыр сағат 11.00-де “Аладдин" ертегісі;
  • 17 мамыр 19.00-де “Айман-Шолпан" комедиясын;
  • 18 мамыр “Жалғыздық" шер қойылымын сахналайды.
Серіктестер жаңалықтары