Алматыда жиһаз жасаймын деген компанияға алданғандар шу шығарды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тұрғындар ұжымдық арыз түсірді.

Алматы тұрғындары жиһаз жасап беремін деп уәде еткен компанияға алданып қалғандарын айтып, дабыл қақты. Айтуларынша, кәсіпкерге сеніп, әрқайсысы қомақты қаражат төлегенімен, уәде етілген жиһазды да, ақшаларын да ала алмаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындардың сөзінше, олар әлеуметтік желі арқылы SAO Home компаниясын тауып, қызметіне жүгінген. Компания өз өнімдерін сапалы әрі қолжетімді деп жарнамалап, тіпті бөліп төлеу мүмкіндігін де ұсынған.

"Инстаграмнан көріп, пікірлерін оқыдық. Бәрі жақсы сияқты көрінді. Кейін оның жалған пікірлер екенін білдік", – дейді қала тұрғыны Марат Тұрғанбаев.

Кейбір тапсырыс берушілерге жиһаз жеткізілгенімен, оның сапасы мен түсі келісімшарттағыдан мүлде бөлек болған. Ал енді біріне жиһаз мүлде жеткізілмеген.

"4 миллион 700 мың теңге төледім. Алғаш әкелген жиһаздың түсі басқа болды. Қайта ауыстырды, бірақ соңына дейін жинамай кетті", – дейді тағы бір тұрғын Меруерт Қайырбекова.

Аталған жағдайға байланысты тұрғындар Алматы қалалық полиция департаментіне жиналып, ұжымдық арыз түсірді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, арыздар міндетті түрде қаралып, қылмыстың құрамы анықталған жағдайда қылмыстық кодекстің алаяқтық бабымен іс қозғалуы мүмкін.

Тұрғындар компанияның кеңсесіне барғанымен, онда ешкім болмаған. Белгілі болғандай, компания өкілдері бірер күн бұрын кеңсені босатып кеткен.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер сотқа жүгінуге дайындалып жатыр. Олар төленген қаражаттың толық қайтарылуын талап етіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз