Прямой эфир Новости спорта

Алматыда алтыншы жартылай марафон басталды

Оған 7600-ден астам адам қатысып жатыр.

Алматыда көктемгі жартылай марафон алтыншы мәрте өтіп жатыр. Бүгін оған 7660 адам қатысады, деп хабарлады "Смелость быть первым" корпоративтік қоры.

Таңғы 7.30-да 10 шақырым қашықтыққа және скандинав жүрісі бойынша марафонға қатысушылар жолға шықса, 8.10-да 21 шақырым қашықтық марафоны басталды.

Бұл күні Орталық стадионда көңілашар мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Еске салайық, жартылай марафонды өткізуге байланысты қаланың бірқатар көшелері жабылған.

Иллюстрация: Almatymarathon

 


Оқи отырыңыз: Алматыда 23 сәуірде жартылай марафон өтуіне байланысты қай көшелер жабылады?


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары