Тікелей эфир

Алматыда 23 сәуірде жартылай марафон өтуіне байланысты қай көшелер жабылады?

Жарыс өтетін күні қаланың бірқатар автожолдары жабылады.

23 сәуірде спортсүйер қауым үшін жүгіру жарысы Алматы жартылай марафоны өтеді. Биыл алтыншы рет өтетін іс-шарада қатысушылар қаланың басты көшелерімен жүгіріп өтеді.

Марафон әл-Фараби даңғылындағы Тұңғыш президент саябағының жанында басталады, ал мәре орталық стадионда (Сәтпаев, 29/3) аяқталады. 

Қатысушылар қашықтықтардың бірін жүгіріп өте алады:

  •  Жартылай марафон 21,1 км;
  •  Жүгіру 10 км;
  •  Скандинавиялық жүріс және Экиден командалық эстафетасы 10 км. 

Марафонға 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Ал 15 жастан асқан қатысушылар басқа қашықтыққа қатысуға  жіберіледі.


Оқи отырыңыз: Алматыда 20 сәуірде жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді


Жарыс өтетін күні қаланың автожолдары жабылады:

  • Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін қозғалыс 23 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін, оңтүстік жағы сағ. 7:00-ден 8:10-ға дейін;
  • Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейін қозғалыс сағ. 7:15-тен 09:40-қа дейін;
  • Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс сағ. 7:40-тан 09:00-ге дейін;
  • Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін қозғалыс сағ. 8:40-тан 11:10-ға дейін;
  • Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін қозғалыс сағ. 7:50-ден 09:30-ға дейін;
  • Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін. 

Биыл жалпы саны 7 760 адам жарысқа қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда, 4 мыңнан астам адам 10 км скандинавиялық серуендеуге,21 км-ге жүгіруге – 3250 адам, экиден эстафетасына 50 команда қатысады. Олардың ішінде 28 елден, атап айтқанда Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Беларусь, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ және тағы басқа елдерден 163 қатысушы бар.

"Біз Алматы жартылай марафонын алтыншы рет өткізгенімізге өте қуаныштымыз. Биыл әуесқой спортшылар әртүрлі елдерден қатысып, жаңа рекордтар орнатады", – деді "Алматы марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева.

Серіктестер жаңалықтары