Тікелей эфир

Алматыда 760 орынға арналған жатақханасы бар екі колледждің құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Алматыға келген сапарында Үкіметке студенттерге арналған жатақханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешуді тапсырған болатын.

Алматының Алатау ауданында 1440 орындық екі колледж бен 760 орынға арналған жатақханалардың құрылысы басталды, деп мәлемдеді ӨКҚ брифингінде аудан басшысы Азамат Қалдыбеков. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Президент тапсырмасына сай, студенттерге арналған жаңа жатақханалардың құрылысы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту үшін биыл Зерделі шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж құрылысы басталды. Сонымен бірге, Алғабас шағын ауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық инновациялық-техникалық колледж ғимараты салынып жатыр", – деді Азамат Қалдыбеков Алматы қаласының ӨКҚ брифингінде.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді


Сонымен қатар, Алатау ауданында 1 600-ден астам адам оқитын университет және 859 оқушы оқитын екі орта арнаулы оқу орны бар.

Серіктестер жаңалықтары