Тікелей эфир

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейді

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл оқу жылында 190 мың жас колледж студенті атанды. Оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын болады. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша 10 мың студент білім алады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Техникалық және кәсіптік колледж студенттерінің 75 мыңы квота бойынша қабылданды.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 300-ден астам колледж мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады.


Мемлекеттік тапсырыс техникалық мамандықтарға қайта бағдарланды. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия, машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап стипендияны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған. 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап стипендия 50% өссе, 2024 жылы 100% өседі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер әлеуметтік қолдаумен, оның ішінде стипендиямен, тамақтанумен және жолақымен қамтылған.


Оқи отырыңыз: 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы 11 мың теңгеге артады.


 

Серіктестер жаңалықтары