USD: 479.9 / 482.5
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Алматы тұрғындары шұғыл эвакуация жөнінде хабарлама алды. ТЖМ не дейді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Селге жауын-шашынның мол түсуі себеп болуы мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда жауын-шашынның мол түсуіне байланысты таулы аймақтарда сел жүру қаупі барын хабарлады. Қаланың Наурызбай ауданы тұрғындарына шұғыл эвакуация қажет болуы жөнінде алдын ала хабарлама таратылды. 

"Жағдай тұрақты бақылауда, сел қаупі бар учаскелерге үздіксіз мониторинг жүргізілуде. Құтқару бөлімшелері жедел әрекет етуге толық дайын. Халықты жедел хабардар ету мақсатында Наурызбай ауданында жергілікті деңгейде құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Бұл – тұрғындарға маңызды ақпаратты дер кезінде жеткізуге бағытталған алдын алу шарасы. Сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздерінен таралатын хабарламаларды қадағалауларыңызды сұраймыз", – делінген министрліктің хабарламасында. 

Құзырлы ведомство қауіпті жағдайға байланысты қала тұрғындарын Іле Алатауының таулы аймақтарына барудан және демалыс ұйымдастырудан уақытша бас тартуға шақырды.

"Егер сіз таулы аймақта болсаңыз және өзендердің жоғарғы ағысында қатты жаңбыр жауса, өзен арналары мен қауіпті учаскелерден дереу кетіңіз. Өзен арналарына, сел жүруі мүмкін сай-салалар мен бөгеттердің маңына шатырлы лагерь құрмаңыз. Есіңізде болсын: сел ағыны өте жылдам дамиды. Сондықтан ең басты қауіпсіздік шарасы – қауіпті аумақтан алдын ала кету", – делінген ТЖМ ескертпесінде. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау