Алматы халықаралық әуежайы жолаушылар мен келушілерге әуежай аумағындағы көлік қозғалысын ұйымдастыруға қатысты өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
Әуежай аркасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуына байланысты Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберіс енді кіру және шығу үшін екі бағытта да ашық.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, Майлин көшесі жағынан вокзал маңы аумағына кіру және одан шығу үшін барлығы 11 жолақ қолжетімді.
Оның ішінде:
- 4 жолақ – кіруге;
- 7 жолақ – шығуға арналған.
"Сонымен қатар "Ақсұңқар" қонақүйі маңындағы екі кіреберіс енді тек екінші қабатқа, T1 және T2 терминалдарының ұшу аймақтарына өту үшін пайдаланылады. Жабық автотұрақ кешенін пайдаланушылар үшін Закарпатская көшесіне тікелей шығу жолы қарастырылған. Әуежай жолаушылар мен қонақтарға сапар бағытын алдын ала жоспарлау кезінде жаңа қозғалыс сызбасын ескеріп, аумақтағы жол белгілеріне назар аударуды ұсынды", – делінген хабарламада.
Әуежайдың мәліметінше, жаңартылған қозғалыс сызбасы көлік ағынын тиімдірек бөлуге және терминалдар мен автотұрақ инфрақұрылымына қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.