Астанада келесі жылы екінші әуежайдың құрылысы басталады. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздің 11 қаласындағы әуежайлардың инфрақұрылымы жаңғыртылады.
Ол Астана әуежайын жаңғырту басым міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті.
"Қала әкімдігі қажетті дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарланып отыр", – деді ведомство басшысы.
Маусым айының басында әлеуметтік желілерде елорданың екінші әуежайы Шортанды кенті бағытында салынады деген ақпарат тараған болатын. Алайда Астана әкімдігі бұл мәліметті жоққа шығарды.
Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бірнеше бағыт қарастырылып жатыр. Атап айтқанда, Қосшы қаласы, Қарағанды және Павлодар тасжолдары бағыттары зерделенуде.
Тоқаев: Астана қаласында жаңа әуежай салу – кезек күттірмейтін міндет
Нұрлыбек Нәлібаев Алматы әуежайындағы құрылыс қарқынын сынға алды