Тікелей эфир

"Адам құқықтарының кепілдіктерін күшейту". Тоқаев Омбудсмен Ластаевты қабылдады

Президент азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру және қорғау туралы жыл сайынғы есеппен танысты.

Мемлекет басшысы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Артур Ластаев аумақтық өкілдердің толықтай іске кіріскені жайында мәлімет берді. Былтыр Омбудсменнің атына 5 мыңнан астам өтініш түскен. Бұл 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп екенін айтты.

Сондай-ақ, ол ұлттық превентивті механизмнің жұмысы, заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты, құқық қорғау ұйымдарымен және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықты жандандыру мәселелері туралы баяндады. Атап айтқанда, азаптаулардың алдын алу үшін оқшаулау мекемелерінде мыңнан астам кездесу өткізілген. Азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша 3,5 мыңнан аса ұсыным берілген, 275 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған. Нәтижесінде 900-ден астам адамның құқығы қорғалған.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Қостанай облысындағы су тасқынына байланысты жағдаймен танысты


Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Президенттің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтты. Құқық қорғау институты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы баяндама әзірлеп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығын қорғауға кепілдік беру ісін одан әрі күшейту қажет екеніне назар аударды.

Серіктестер жаңалықтары