Абай облысындағы өрт кезінде жоғалған тұрғынның денесі табылды

Мәйіт қызметтік иттің көмегімен табылды.

Абай облысында өрт кезінде жоғалған Долинский орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архиповтың денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сергей Архипов Абай облысындағы өртті өшіру үшін бірнеше күн бұрын трактормен шығып, 9 маусымнан бері хабарсыз кеткен. Бүгін оның тракторы иесіз табылған болатын. 

"10 маусымда полиция қызметкерлері өрт сөндіру орнынан 50 шақырым жерде із-түссіз жоғалған Архипов Сергей Николаевичтің денесін тапты. Мәйіт қызметтік иттің көмегімен табылды" – делінген хабарламада. 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз